"Цеснабанк" енді "Жусан банк" деп аталатын болды
"Цеснабанк" өзінің атын ауыстырды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі мәлімдейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Банктің жаңа толық атауы - First Heartland Jýsan Bank (латын қаріпімен жазылған "Жусан банк" сөзі).
-Көктемдегі жусан иісі – Ұлы даланың жаңарып, қайта дүниеге келуінің символы. Бұл біздің Отанымыздың иісі десек те болады. Банктің қазақша латын қаріпінде орындалған жаңа атауы біздің құндылықтарымызды білдіреді: сәйкестік пен ілгерілеу, - дейді банк басқармасының төрағасы Бекжан Пирматов.
Ағымдағы жылдың соңына дейін сыртқы жарнаманың элементтері өзгертіліп, Jýsan Bank логотипі бар жаңа банк өнімдері енгізілмек. Ал банк клиенттері үшін құжаттарға ешқандай өзгерту енгізудің, карталарды ауыстырудың және келісім-шарттарға қайта қол қоюдың қажеті жоқ екен.