KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, З
481.84 531.33 5.07

Қазақ тарихын зерттеуші Құрбанғали Халидидың тікелей ұрпақтары Үржарда тұрады

17.01.2019, 05:23 294

Халқымыздың тарихын, әдет-ғұрпын, ауыз әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші Құрбанғали Халидидың тікелей ұрпақтары Үржар ауданының Қарақол ауылында тұрады. Фамилиялары Халидов.


Әйгілі «Жібек жолы» бойымен сауда жасаған әкесі Халид біршама жыл Ташкентте тұрып, 1841 жылы Аягөзге қоныс аударыпты.


Құрбанғали бес жылдан соң, 1846 жылы осы Аягөзде дүниеге келеді. Көптеген жерлерді аралаған Халид саудагерге киелі Аягөз өңірі ұнағаны анық. Құрбанғали ең алғаш сауатын 4-5 жасында қызылжарлық көпес Мұртаза Мақсұтов салғызған Аягөз медресесінде ашып, оқуын Семейде жалғастырады. Ол Аягөзде отыз жылдай тұрғаннан кейін, Бақты шекаралық аймағында, тағы біраз жылдан соң, Қытай-Шыңжан провинциясындағы Шәуешек қаласына орын тебеді.


[caption id="attachment_48479" align="alignleft" width="205"] Құрбанғали Халиди[/caption]


Құрбанғали Халидидың ұрпақтары бүгінде өзінің туған жері Аягөзде, Семейде, Алматыда еліміздің түкпір-түкпірінде тұрып жатыр.


Оның Мұхамеджан деген ұлынан Әшім, Көккөз деген адамдар болды. Көккөз деген ұлы ішкі Ресей жағына кеткендіктен, оның ұрпақтарынан хабарымыз жоқ. Ал Құрбанғалидың немересі Әшім ақсақалды көзіміз көрді. Қалжыңбас, баламен де шағамен де әзілі жарасқан, еркөңіл адам еді.1955 жылы Қытайдан қайта оралған ол кісі сол кездегі Аягөз ауданының Қарақол ауылындағы «Жұмысшылар кооперативінде» (Рабкооп) күзетші болып еңбек етті.


1901 жылы туған Әшім Халидов 1984 жылы 83 жасында бақилық болды. Өле-өлгенше бес парызын өтеп, дін жолында жүрген қария маңайына үлгі бола білді. Әшімнен Рауф, Рауфа, Ләтипа, Шәріп, Кәшипа, Мінәуар деген ұл қыздары болған. Қазір Мінәуар апай Үржар ауданының Қарақол ауылында тұрып жатыр. Сондай-ақ, Шәріп марқұмның (1943-1997) Серік, Берік, Жанар, Жарқын, Еркін, Ерік атты ұрпақтары да Қарақол ауылында, Семей мен Алматы қалаларында тіршілік етуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив