ШҚО-да жұмыстан қуылған полицейлер қызметіне қайта оралды
Өскемен қалалық соты ШҚО Ішкі істер департаментінің 12 қызметкерінің бұрыңғы лауазымын қалпына келтіру талап арызы бойынша азаматтық істерін қарады.
2018 жылдың 9 қазанында бірінші инстанциядағы соттың шешімі бойынша екі қызметкердің талап арызы қанағаттандырылып, қалған қызметкерлердің талабын қанағаттандырудан сот бас тартқан болатын. Олар мұндай шешіммен келіспей, ШҚО сотының аппеляциялық инстанциясына жүгінген екен. Сот алқасы азаматтық істер бойынша барлық материалдармен танысып шығып, сот үкімін өзгертуді қажет деп тапты.
Нақтыра айтқанда алты арызданушыға қатысты ШҚО ІІД –нің қызметтен босату бойынша бұйрығы заңсыз деп табылып, олардың бұрыңғы лауазымдары қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, сот алқасы еңбек атқарымын мәжбүрлі орындамаған уақыт үшін еңбекақы мен моральдық зиянды өндіріп беріп отыр.