KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Қуат Тұмабаевтың қатысы бар тағы бір сот болды

24.12.2018, 04:33 136

Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаевтың ісін бүркемеледі деген айыппен  жұмыстан қуылған риддерлік бұрынғы полиция қызметкері сот арқылы жұмысына қайта орналаспақ болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сымбат Қарақұлов жұмысқа қайта орналасып және осыған дейінгі айлығын өндіріп алмақ мақсатпен Өскемен қалалық сотына шағымданды. Оның айтуынша, жол апаты болған жерді тастап кеткен Тұмабаевтың куәгерлік етуі сол кездегі Риддер ІІБ басшысының орынбасары Ерлан Жәркеновтің бұйрығымен жүргізілмеген.


Алайда келтірілген дәлелдер расталмады және куәгер Жәркеновтың түсінігімен жоққа шығарылды. Қорыта келе сот Қарақұловтың талаптарын қанағаттандырудан бас тартты.


Естеріңізде болса, 15 сәуірде Риддер қаласы әкімінің экс-орынбасары Бауыржан Құрманбаев «BMW Х5» маркалы автокөлігімен Евгений Смольниковты қағып кеткен. Ал көлік ішінде болған Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев оқиға орнынан «BMW-мен» бой тасалаған еді. Оны полиция қызметкерлері Сымбат Қарақұлов пен Сымбат Қайратов ұстағанымен, куәгерлік етуге әкелмеді. Экс-әкімнің жауапкершіліктен қашқаны анық.  Соңы Тұмабаев әкімдік қызметтен өз еркімен кеткен болатын.


Сәуірдегі оқиғадан кейін Риддердегі полиция қызметкерлері  Қарақұлов пен Қайратов жаз айында ішкі істер органдарынан қуылған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив