KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 5 м/с, СБ
482.86 533.17 5.08

Зайсанда 20 маралдың мүйізін әкетіп бара жатқан жүргізуші ұсталды

8.01.2019, 04:04 191

ШҚО-да жол-патрульдік полиция қызметкерлері 20 марал мүйізін тиеп әкетіп бара жатқан жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Тәртіп сақшылары Зайсан қаласының маңындағы тасжолдардың бірінде Toyota Сamry автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салоны мен жүк салғышынан 20-дан астам марал мүйізі табылды. 28 жастағы жүргізуші жүкті қайдан әкеле жатқанын айта алмаған көрінеді. Сондай-ақ тиісті құжаттары да жоқ болып шықты.


Марал мүйізін заңсыз тасымалдаған жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 389 бабы 1 тармағы бойынша хаттама толтырылды.


Іс құзырлы органдарға табысталды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив