Еске алу турнирінде оза шапқандар
Б. Сапарбаевты еске алуға арналған ІІ республикалық футбол ойыны өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ашық турнирдің салтанатты жабылу кешіне көрнекті тұлға, мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевпен Шығыс өңірінде иық тіресе қызмет істескен әріптестері және онымен өмірдің әр сәтін бірге бөліскен жары Қайша Сапарбаева қатысты.
5 күн бойы Өскемен қаласында жасөспірімдер арасында тартысты дода, қызықты ойын өтті. Бұл турнирге қатысқан 6 команданың барлығы бір-бірімен жеңіс жолында бәйгелесті. Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған команда қатарластарына шаң қаптырды.
Турнир қортындысы бойынша, 4 орынды Ақтөбе командасы алды. Оларға 100 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. 3 орынды қостанайлық футболшылар қанжығалады. Тартысты ойындары мен жеңістерінің арқасында олар 400 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлыққа кенелді. 3 орынды өскемендік “ДЮСШ 2009” командасы алып, 300 мың теңгеге ие болды. Бас жүлде “ДЮСШ 2008” командасына бұйырды. Олардың жеңісі 500 мың теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.
Ақерке Рағызбаева