Риддерде қосымша қазандықтар іске қосылады
Фото: depositphotos.com
Риддер қаласының жылу электр орталығы қысқы маусымды қосымша екі қазандықпен бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Хабар24-ке сілтеме жасап.
Егер станцияда қандай да бір ақау шықса, жұрт жылусыз қалмайды, қазандықтар резервтегі қуат көзіне қосылады. Қазір энергетиктер негізгі агрегаттарды іске қосып жатыр. Бұдан бөлек жазда 19 шақырым жылу желісі жөнделген. Биыл еліміздегі Риддер, Кентау, Қызылорда қалаларының жылу электр орталығын жөндеуге Үкімет резервінен 16 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде риддерлік энергетиктерге тездетуге тура келді. Өйткені, қыс қыр астында.
Сондықтан жұмыс тәулік бойы жүргізілді. Қазір мамандар станцияны қашықтан басқаруды үйреніп жатыр. Биыл жылу электр орталығына цифрлық жүйе енгізілді. Кәсіпорын қысқы мезгілге 250 мың тонна көмір дайындайды.
Биыл қаладағы жылу желілерін жөндеуге республикалық бюджеттен 2 млрд теңгеден аса демеу қаржы бөлінді. Оған 19 шақырым трасса ауыстырылды. Нәтижесінде станция толық қуатына көшпей тұрып, үйлердегі жылу температурасы +20 градусты көрсетіп тұр.
Жылу шеткі шағын аудандарда да реттелді.
Өңірде алдағы жылыту маусымының дайындығына жергілікті бюджеттен 20 млрд теңгеден аса қаражат жұмсалды. Оған жылу электр орталықтары мен қазандықтар жөнделді. Сонымен қатар шалғай аудандардың орталықтандырылған жүйесі қалпына келтірілді.