KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

Алтай тұрғыны бір ағаш отап, 36 000 теңге төлейтін болды

4.01.2019, 09:28 116

Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында орманнан шырша отаған Алтай ауданының тұрғыны үкіметке 36 000 теңге төлеуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қылмыстық іс Алтай аудандық сотында қаралған болатын.  Орманның жалпы қорына кірмейтін, кесуге тиым салынған жалғыз ағашты отаған әйел айыпты деп танылды. Нәтижесінде ол үкіметке келтірген шығын есебінде 36 075 теңге айыппұл төлейді.


– Сол күннің ертеңінде жауапкершіліктен қорыққан әйел ағашты отқа жағып жіберген, – дейді сот баспасөз қызметі.


Аудан тұрғыны айыппұлдан бөлек 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив