KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
478.16 534.92 5.18

ШҚО-да шыршаны кесіп алған әйел сотқа тартылды

12.01.2019, 06:26 164

Жаңа жылдың алдында Алтай ауданының тұрғыны арамен шырша кесіп алған екен. Оның бұл әрекеті әшкереленіп, әйел заң алдында жауап беруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі,


Қылмыстық іс Алтай аудандық сотында қаралды. Айыпталушы шыршаны үйін мейрам қарсы безендіру үшін қасқана кесіп алғаны анықталған. Салдарынан мемлеткетке 36 075 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген екен.


Жасаған әрекеті үшін алатын жазадан қорыққан әйел шыршаны отқа жағып жіберіпті. Дегенмен, айғақтан құтылғанымен, жазадан жалтара алмады. Ол сот шешімі бойынша кінәлі деп табылып, қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив