KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

Бұқтырмада батып кеткен кеме: Тергеу амалдары басталды

18.07.2022, 14:20 207

Бұқтырма су қоймасында адамдар мінген қайықтың суға батып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 
Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, қайық экипажының кінәсі туралы қорытынды жасауға әлі ерте екені айтылып отыр.
"Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлігі ("Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл сараптама кеменің суға бату себептерін анықтайды. Осыдан кейін ғана қандай шешім қабылдау керек екені белгілі болады", - деді полициядағылар. 
Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында 24 адам мінген қайық батып кеткені хабарланған болатын. Оқиға жексенбі күні сағат 19:00-де "Аюда" демалыс орталығынан үш шақырым жерде болған. Суға батып бара жатқан қайыққа жағадағы демалушылар көмекке келген. Олар гидроскутерге отырып, алдымен балаларды, кейін барлық азаматтарды жағаға жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу