Зайсандықтар тегін картоп таратты

Облыс орталығындағы қолайсыз ауа райы мен жауын-шашынға қарамастан Арбат демалыс орнына жиналған жұрттың нөпірі қалың.
Зайсан ауданының мәдени күндеріне арналған іс-шаралар легі Арбаттағы концертпен жалғасты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара барысында, қала тұрғындары мен қонақтарына биден жарыс ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ұлықталды.
Естелік сыйлықтар мен қатар, жеңімпаз атанып, белсене өнер көрсеткен тұрғындарға Зайсан ауданынан арнайы әкелінген өнімдерді, картоп, ұн мен қант тарту етілді. Бір қуантарлығы спорттық сайыстарда алдыңғы қатардан көрініп, белсенділік танытқан жастар қатары көп.
Әсіресе, садақ ату сайысында 1-орынға ие болған Ерхан мен қыздар арасында алға суырылып шығып, 1 қап картопты 30 рет көтерген 9-сынып оқушысы Жасминге халық ерекше ықылас білдіріп жатты.
Екі күнге созылған Зайсанның мәдени күндері қала халқының көңілінен шығып, бір серпілтіп тастағаны анық.