KZ
Өскемен
+11°
небольшой проливной дождь жел 6 м/с, ОШ
488.91 532.62 5

Мемлекет меншігіне берілген Риддер ЖЭО-ның қарызын бұрынғы иелері төлеп жатыр

26.10.2023, 17:30 168 Оразай Жеңісұлы

Риддер ЖЭО-да жинақталған қарызды, жалақы берешегін, салықтық міндеттемелерді осы жылдың шілдесінде объектінің иесі болған, содан кейін кәсіпорынды мемлекет меншігіне берген жеке компания төлеп жатыр.

Қазіргі кезде 5,5 млрд теңгенің 4,7 млрд теңгесі төленген. Қалған 811 млн теңге кестеге сәйкес өтелмек, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Иесі Әміржан Нәбиев жетекшілік ететін "Атрикс-Строй" ЖШС станцияның Риддер тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етудегі стратегиялық және әлеуметтік маңызын ескере отырып, ЖЭО қарыздарын өзіне қалдырған болатын. Компания бұрынғы меншік иелері келтірген залалды мүліктік кешенді сыйға беру арқылы өтеп жатыр.

– Біз одан әрі мемлекет меншігіне беру үшін кәсіпорынды қаржылық сауықтыру бойынша мақсатты жұмыс жүргіздік. Заңды түрде Риддер ЖЭО қарыздардан босатылып отыр, біз барлық міндеттемелерді өз мойнымызға алдық. Жасалған меморандум аясында біз Риддер ЖЭО мүліктік кешенін Риддер қаласының әкімдігіне сенімгерлік басқаруға беріп отырмыз, – деді Әміржан Нәбиев.

Қазір Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі алдағы жылыту маусымында қаланы тұрақты және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында ЖЭО-да жөндеу-қалпына келтіру іс-шараларын белсенді жалғастыруда.

– Бүгінгі таңда Риддер ЖЭО-ның дайындығы 93%-ды құрайды, оның ішінде қазандық агрегаттарының дайындығы – 92%. Қалада жылыту маусымы 5 қазанда басталды. Қазір жылу және ыстық су тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарға үздіксіз берілуде, – деді құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дидар Кеңесбаев. – Күрделі жөндеуден кейін екі орташа қысымды қазандық жұмыс істеп тұр, тағы бір дайын қазандықтың резервте тұрғанын атап өткен жөн. Алдағы екі күнде бір жоғары қысымды қазандықты гидравликалық сынақтан өткізу көзделген, қалған екі жоғары қысымды қазандықтың жөндеу жұмыстарын осы жылдың 20 қарашасына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Станциядағы отын проблемалары да шешілген.

– Отын сатып алу мақсатында облыстық бюджеттен 263,5 млн теңге бөлінді, жеткізушілермен шарттар жасалды. Станцияны отынның нормативтік қорымен қамту бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда 12,1 мың тонна көмір, 80 тонна мазут бар, – деді Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев.

Түйіндей келе, энергиямен тұрақты қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 2286 метр болатын жеті учаскедегі жылу желілері күрделі жөнделіп, гидравликалық сынақтардың сәтті өткенін айта кеткен жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив