WhatsApp-та дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыру функциясы іске қосылды
Фото: pexels.com
2024 жылғы 21 қарашадан бастап WhatsApp қолданбасында дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыру функциясы пайда болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап. Бұл мүмкіндік шулы ортада, жолда немесе хабарлама тым ұзақ болған кезде ыңғайлы болмақ.
Функцияның артықшылықтары:
- Дауыстық хабарламаның мәтіндік транскрипциясын кез келген уақытта оқып, жауап беру.
- Транскрипция құрылғының өзінде жасалады, мәліметтер құпиялығы сақталады.
Функцияны қосу жолы:
- WhatsApp параметрлерін ашыңыз.
- «Чаттар» бөлімін таңдаңыз.
- «Дауыстық хабарламаларды транскрипциялау» функциясын қосыңыз.
- Транскрипция тілін таңдаңыз.
- Хабарламаны басып тұрып, «Транскрипциялау» түймесін басыңыз.
Ескертпелер:
- Фондық шу немесе хабарламаның түсініксіздігі транскрипция сапасына әсер етуі мүмкін.
- Функция iOS және Android жүйелерінде қолжетімді, бірақ тілдерге қолдау әртүрлі болуы ықтимал.
- Әзірлеушілер алдағы апталарда функцияны барлық пайдаланушыларға қолжетімді етуді, ал жаңа тілдерді қосу жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Оқи отырыңыз