KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Лицензиясыз жұмыс істегені үшін 58 мектепке айыппұл салынды

Фото: pexels.com

Бүгін, 17:00 51 Гульжан Мусина

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері жүргізген мониторинг нәтижесінде 58 мектептің білім беру қызметін лицензиясыз жүргізгені анықталды,- деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

2024 жылдың басынан бері жүргізілген тексеру барысында анықталған бұл бұзушылықтар негізінен Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан мектептерге қатысты.

Бүгінгі таңда 17 мектеп заң талаптарына сәйкес білім беру қызметін ретке келтірді. Ал лицензиясыз қызмет жүргізген қалған мектептерге ҚР ӘҚБтК 463-бабы бойынша айыппұл салу туралы сот шешімдері қабылданды.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов атап өткендей:

- ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын міндетті түрде рұқсат алуы тиіс. Лицензияның болмауы мектептің талаптарға сәйкестігі бойынша тексеруден өтпегенін немесе құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден кейін алты ай ішінде лицензия алмаса, ол сот тәртібімен жабылады.

Мектептердің лицензия алуы үшін келесі талаптарға сәйкес болуы шарт:

Материалдық-техникалық базаның болуы;
Білікті педагогикалық құрам;
Санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуы;
Оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
Бұл талаптардың орындалмауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға және қайталанған жағдайда білім беру мекемесінің қызметін тоқтатуға негіз болады.

Жергілікті органдардың жауапкершілігі
Мектептер жергілікті атқарушы органдардың қарамағында болғандықтан, аумақтық департаменттер өңірлік әкімдіктер мен білім басқармаларына бұзушылықтарды жою жөнінде ресми хаттар жолдады.

Бұл шаралар білім беру саласындағы талаптарды қатаңдату және оқу орындарының сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу