ШҚО-да ер адамды суицидтен арашалап қалған полиция қызметкері марапатталды
ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ренат Унарбеков барлық ҚР ІІМ-нің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалін Шығыс Қазақстан облысы ПД Алтай ауданы полиция бөлімі кадр саясаты тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Әлия Нұрбекқызы Анаеваға табыс етті.
12 тамызы күні таңғы сағат 07:45 кезінде Әлия жұмысқа бара жатып, Алтай қаласының Курчатов көшесі бойында орналасқан ғимараттың 3-қабатының терезесіне шығып, секірмек ниетте болған ер адамды байқап қалады. Сол сәтте корнизге тізесімен шыққан азамат қазір төмен секіремін деп айқайлай бастады.
Уақыт жоғалтпай, Әлия Анаева орын алған оқиға туралы кезекші бөлімге тез арада хабарлап, олар келгенше ер адамды ниетінен қайтармақ болып, оны асығыс шешім қабылдамауға шақырып, көндіруге бар күшін салады.
Оқиға орнына бес минут ішінде келген Алтай ауданының патрульдік полиция взводының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Айхан Бақытбекұлы Әуталипов және кіші лейтенант Қуат Түсіпқанұлы Байшоков ғимараттың 3 этажына көтеріліп, құтқару операциясына кірісе бастайды.
Мән-жайларды анықтау кезінде полицейлер ер адамның алкогольдік мас күйде болғанын анықтап, оны ауруханаға жеткізген, нәтижесінде психологтар өз-өзіне қол жұмсауға не себеп болғанын анықтады.
Алғашқы минуттан бастап құтқару операциясының соңына дейін полиция аға лейтенанты Әлия Анаева ер адаммен сөйлесіп, оны жаман ойлардан алшақтатып, қайғылы оқиғаның алдын алды.
- Мен ол өзі үшін дұрыс тұжырым жасап, өмірдің баға жетпес екенін түсінеді деп үміттенемін, - деді Әлия Нұрбекқызы.