KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 9 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Шығыстың бас шаһарында абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту ісі қарқынды

30.10.2025, 20:00 191 Базарова Айгүл

Өскемендіктердің өмір сүру сапасын арттыру және қала инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі әрі қарқынды жалғасып жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Биыл облыс орталығында қысқа мерзімде бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып, қала келбеті мен тұрғындар үшін жайлылық айтарлықтай жақсарды. Оған өскемендіктер де, қала қонақтары да куә.

Бұл жөнінде бүгін бас қаланың бірқатар маңызды нысандарын аралап, баспасөз турын ұйымдастырған, артынша Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізген Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов мәлімдеді.

– Облыс орталығында жыл басынан бері бірқатар жобалар сәтімен іске асырылды. Солардың бірі – пилоттық жоба аясында «Глобус» сауда үйінің артында орналасқан Абай даңғылы мен Ғарышкерлер (Космическая) көшесі арасындағы жолдың кеңейтілуі. Бұрын бір шақырымға жетпейтін бұл аумақ көлік иелері үшінде, жаяу жүргіншілер үшін де қолайсыздық тудырып келген еді. Бұл маңда әрі мектеп пен балабақша да бар. Жаңа асфальт-бетон жабындысы 3 539 шаршы метрді құрап, жолдың өткізу мүмкіндігі артты. Қосымша автотұрақтар ұйымдастырылды. Тұрғындардың бастамасымен қоршалған заманауи контейнер алаңы орнатылды, – деді Алмат Талғатұлы.

Қала әкімінің айтуынша, алдағы уақытта жоғарыда аталған нысанға жапсарлас Михаэлис көшесі, 1 үй мекенжайындағы аула да тұрғындардың келісімі бойынша заманауи кейіпке енбек. Мұнда да жол мен аула кеңейтіліп, спорт алаңдары салынады. Себебі, кеңестік заманда бой көтерген бұл көпқабатты үйлердің ауласы бүгінгідей көп көлікке арналмаған.

Өз аулаларында шаһар басшысын көрген тұрғындар да мүмкіндікті жіберіп қалмады. Көкейдегі сауалдарын қойып нақты жауаптар алды. Мәселен, осы аулаға қарасты Абай даңғылының бойындағы көпқабатты үйдің кіре берісіне жөндеу қажет. Кіреберіс баспалдақтар өте биік әрі ескі әрі құлап жатқандықтан қыс мезгілінде тұрғындарға айтарлықтай қиындық тудырады. Мәселе зерделеніп, оң шешімін табатын болды.   


Дәурен Аллабергенұлы

Фото: Жібек Нұрахмет

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу