KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Шығыс өңірінде күн айықпай тұр

Фото: kartin.papik.pro

15.01.2024, 08:44 201

Шығыс өңірінде бір аптадан бері күн райы бұзылып тұр. Құтқарушылар жел күшейіп, бұрқасын соғатынын, көктайғақ болатынын айтып сәт сайын дабыл қағуда. Өңірдегі облыстық және республикалық маңызы бар жолдар соңғы 7 күнде 28 рет жабылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Сонымен қатар қар көшкіні де қауіп төндіріп тұр. "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары қауіпті учаскелерге бақылау жүргізіп, профилактикалық жұмыстар ұйымдастырып жатыр. Қыс басынан бері беткейлерден 48 300 текше метр қар түсірілді.

Өткен тәулікте құтқарушылар Шемонаиха ауданында жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті. Сондай-ақ облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері науқасқа шұғыл көмек көрсетуге асыққан медициналық персоналды Марқакөл мен Төқайың ауылына жеткізді.

Өңірде әлі де күн райы құбылып тұр. Құтқарушылар тұрғындарды тәуекелге бармауға, ескерту жариялаған кезде елді мекеннен алыстап шықпауға шақырады. Күн райы мен көлік жолдары туралы ақпаратты «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив