KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
485.04 525.98 5.04

Назарда - кәсіпкерлерді қолдау

9.10.2024, 13:30 98 Төлеуғазы Жансая

Еуразиялық банк Өскемендік кәсіпкерлер үшін салықтық қауіпсіздік жөнінде толыққанды ақпарат бере алатын сарапшы Дмитрий Казанцевпен бизнес-таңғы ас ұйымдастырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ел Президенті  биылғы Жолдауында кәсіпкерлерді тұрақты әрі қолжетімді  несиемен қамтамасыз ету үшін Үкіметке нақты шешімдер қабылдауды тапсырды. Кәсіпкерлерге тиімді бағада несие ұсынып отырған Еуразиялық банк өзінің тұрақты клиенттеріне қолдау көрсету мақсатында елдің салық Заңнамасындағы өзгерістерді кәсіпкерлерге қарапайым тілмен бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп бере алатын маманмен кездесу ұйымдастырып, өскемендік кәсіпкерлерге қолдау көрсетті.

«Биыл Еуразиялық банкі 30 жылдығын атап өтуде. Соған орай ағымдағы жылы біз клиенттерімізбен, серіктестермен осы қуанышты бөлісіп, кәсіпкер клиенттеріміз үшін осындай маңызды шараны сыйға тартып отырмыз. Бұл мерейтой аясында біз қоғамдық маңызы бар, әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға белсенді қатысудамыз», - деді Қазақстандағы ең ірі 10 банктің қатарына кіретін Еуразиялық банкінің директоры Гүлмира Қожамжарова.

Салық саласының сарапшысы Дмитрий Казанцев  кәсіпкерлерге 2025 жылғы есепті тапсыруға дайындалу, кірістерді декларациялаудың жаңа тәртібі мен талаптарын сақтай отырып, салық жүктемесін қалай азайтуға болатындығы туралы практикалық ұсыныстар берді. Президенттің Үндеуінен кейін 2025 жылы бизнеске қалай дайындалу керектігіне тоқталып, елдің салық саясатында күтілетін негізгі ойларды түсіндіріп, өзгерістерге тиімді әрекет ету стратегияларын ұсынды.

«Бүгін біз Еуразиялық банкті мерейтойымен құттықтау үшін келіп отырмыз. Келелі кездесуден кәсіп жүргізуге қатысты тың ақпараттар алдық. Сондықтан Еуразиялық банкке алғыс білдіреміз», - деді жергілікті кәсіпкер Әлия Анарбекқызы.

Кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған Еуразиялық банктің «ШОБ клиенттерімен бизнес-таңғы ас»  жобасы елдің өзге өңірлерінде де өткізілмек. Бұл банктің бизнес-қоғамдастықпен белсенді өзара іс-қимылға деген ұмтылысын көрсетеді.


Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив