KZ
Өскемен
-9°
ясно Штиль
495.95 524.37 4.98

40 туристі «Қоңыр әулиеге» алып бара жатқан автобус батпаққа батып қалды

16.08.2021, 12:34 161

Демалыс күндері, нақтырақ айтқанда, 14 тамыз күні Абай ауданында Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жерде, Қоңыр әулие үңгіріне бара жатқан 40 жолаушысы бар автобус ел жүретін жолда батпаққа батып, жүре алмай, тұрып қалды.
Жедел көмекке құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері келген.

-  Бірлескен күш-жігермен автобус сүйретіліп, өз бағытын аман-есен жалғастырды. Жолаушылар қауіпсіз, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керек екенін ескертеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу