KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Даниал Ахметов: "Қайнар ауылын дамыту бағдарламасын әзірлеу тапсырылды"

16.02.2021, 14:56 174

ШҚО әкімдігінде кеңейтілген аппараттық жиын өтті. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында жазды.

Жиын барысында өңірдің индустриялық аймақтарының қызметі мен Семей қаласын дамытудың Кешенді жоспарының іске асырылу барысы қаралды.

- Осы ретте Қайнар ауылын дамыту бағдарламасын әзірлеу тапсырылғанын атап өткім келеді. Биыл біз осы ауыл үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуымыз керек. Бір аптадан кейін Семей қаласы әкімдігінің жобасын егжей-тегжейлі зерттейтін боламыз, - деп жазды облыс әкімі. 

Жалпы, биыл Семейді дамытуға 57 млрд.теңгеге 42 іс-шара жоспарланған, оның ішінде 42,5 млрд. теңге бюджет қаражаты есебінен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив