KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Бүйректегі тас Гиннесс рекордтар кітабына енді

Фото: Daily Mail

20.06.2023, 23:36 490 Мадина Амангелдіқызы

Шри-Ланка тұрғынының бүйрегіндегі тас Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Маусым айының басында Шри-Ланка дәрігерлері ота кезінде ер адамның бүйрегінен ең ауыр әрі ең үлкен тас алып шыққан. Бұл туралы әлемдік БАҚ жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Тас Канистус Кунхе есімді Шри-Ланка азаматының бүйрегінен алынды. Салмағы – 800 грамм, ұзындығы – 13,37 см, ені – 10,55 см. Канистус Кунхе – отставкадағы сержант. Айтуынша, бүйрегіндегі салмағы 1 келіге жуықтаған тас оған ешқандай қолайсыздық тудырмаған екен.

Ота жасаған дәрігер Кугадас Сутаршан тастың суретімен бөлісіп, әлем жұртшылығын таңғалдырды.  

Фото: Daily Mail 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив