Мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталды – Өскемен
Фото: kazpravda.kz
Полиция қызметкерлері Гагарин бульварын патрульдеу кезінде күдік тудырған Porsche Cayenne көлігін тоқтатты.
Көлік жүргізушісі өз жолағынан шығып, жылдамдықты біресе арттырып, біресе төмендетіп, жол ережесін өрескел бұзған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Тәртіп сақшыларының күдігі жүргізуші медициналық сараптамадан өткеннен кейін расталды.
Медициналық куәландыру нәтижесі 66 жастағы автокөлік жүргізушісінде каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткі мас күйінде екенін көрсетті", дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, өткен аптада өңірде көлік құралдарын мас күйінде тізгіндеген 40 жүргізуші ұсталған.
Оқи отырыңыз