KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын – Өскемен

Фото: автордікі

14.06.2023, 23:03 323

Өскемен қаласы Абай даңғылындағы жөндеу жұмыстары аяқталуға таяған. Қала әкімінің сөзінше, жақын күндері жөндеу жұмыстары толық аяқталып, жол қайта ашылады.
Жөндеу жұмыстарын “Kurylys Group” мердігерлік мекемесі жүзеге асырған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

— Абай даңғылы — қаламыздағы ірі даңғылдың бірі. Бұл — қаланың орталығы мен өндіріс аймағын жалғап жатқан, қаладан Согра кентіне, одан әрі Глубокое кентіне шығатын үлкен жол. Осы жолдың жағдайы нашарлап кеткен еді, өйткені соңғы жөндеу осыдан 12 жыл бұрын болған. Сондықтан біз былтыр комиссиямен бірге шешім қабылдап, даңғылды жөндеуді қолға алдық. Мердігер компания жұмыстың барлығын аяқтады. “Жол активтері сапасының ұлттық орталығының” құралдарымен тексергенде беткі жабын стандарт бойынша кем дегенде 4 см болу керек. Өздеріңіз көріп тұрғандай, 4 см бар. Осы орталықпен жұмыс істей береміз. Жол жөнделгеннен кейін сапасын міндетті түрде қарау керек. Ертең көктемде, күзде болмаса жауын-шашыннан кейін жолдың ойылып қалуы сынды жағдайлар болмауы керек. Өйткені, жаңа жөнделген жолда кем дегенде 4-5 жыл ешқандай мәселе тумауы керек. Сондықтан, жөнделген әр жолды тексеруді қолға алдық. Мердігер компания жол салып біткеннен кейін, актіге қол қойылғаннан кейін ұмытып кетеді. Ертең жұрттың өкпе- ренішін біз естиміз. Сондықтан сіздер өте қатаң бақылаңыздар, қай жерде дұрыс емес болса міндетті түрде айту керек. Бүгінде Өскеменде жол сапасы жылдан жылға жақсарып келеді. Даңғылдағы жөндеу жұмыстарын бір жарым- екі айдың ішінде толық аяқтадық. Соңғы жұмыстары қалды, жақын күндері толық бітіріп, жолды ашамыз, — деді Жақсылық Омар орталық мамандарына қарата айтқан сөзінде.

Жөнделген жолдың ұзындығы бес шақырымға жуық дейді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу