Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО аумағында өрт шықты

27 маусымда Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО аумағында өрт шықты.
Дерекке сүйенсек өрт ХҚКО ғимаратынан емес, жанындағы ғимараттан шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД дерегіне сүйенсек, қоймадағы поддондар және орталық ғимаратының шатырындағы ағаш конструкциялар өртенді. Куәгерлер өртті қолда бар заттармен сөндіруге кіріскен. Алайда қатты жел жалынды өршіте түскен. Өрт сөндіру жұмыстары қиындай бастағанда кәсіби мамандарға хабар берілді.
Жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын өртті сөндіруге жеке құрамның 33 қызметкері мен 10 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.