KZ
Өскемен
-6°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
492.65 525.71 5.03

Өскемендегі мамандандырылған ХҚКО штаттық режимде жұмыс істеп тұр

29.06.2023, 14:12 329 Ләззат Қанатқызы

Мамандандырылған ХҚКО оқиға болған күні жұмысын қайта бастады.

27 маусымда Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өрт ХҚКО ғимаратынан емес, жанындағы қоймадан шыққан. Десе де, қауіпсіздік мақсатында ХҚКО белгісіз мерзімге жұмысын уақытша тоқтатты.

  Клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы ХҚКО жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар барлық техникалық жабдықтар мен мұрағаттық құжаттар ғимараттан шығарылғанын хабарлаймыз, деді "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ШҚО бойынша филиалында.

Қазір арнайы ХҚКО штаттық кесте бойынша жұмыс істейді. Мемлекеттік корпорацияның облыстық филиалының өкілі хабарлағандай, орталықтың жұмысы тоқтап қалған жоқ, оқиға болған күні жұмысын қайта бастады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу