KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

Самсоновка ауылының тұрғындары Өскеменге пакетпен қоқыс тасып жүр

Фото: автордікі

1.07.2023, 21:39 557

Өскеменнің іргесіндегі Самсоновка ауылының тұрғындарын алаңдатқан мәселенің бірі  — тұрмыстық қалдықтар. Тұрғындар қоқысты пакетке салып, Өскемен қаласына өздері тасуға мәжбүр екенін айтқан.
Осы уақытқа дейін ауылда қоқыс жәшігі орнатылмаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ауыл тұрғындары ауылда қоқыс жәшігінің жоқтығына, оны орнатқаннан кейін де қыста жол жабылып қалатындықтан полигонға таситын көліктің  елді мекенге жете алмай қалуы мүмкін екендігіне алаңдаулы.

— Осы ауылда тұрғаныма 20 жылдан асты. Ауылдағы басты мәселенің бірі — қоқыс, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару. Осы жұмыстармен айналысатын мекеменің өкілдері мұнда бірнеше рет келді, келісімшарт әкелді. Алайда нақты талаптар айтылмады. Бізге нақты мәлімет қажет. Қоқыс жәшігі мен тұрғын үйлер арасындағы қашықтық, қоқыс тастайтын орын туралы мәлімет керек. Осы сұрақтар нақты шешілгеннен кейін ғана тұрғындар келісімге қол қояды деп ойлаймын. Мен жұмысқа барарда ала кетіп, сол маңайдағы қоқыс контейнеріне төгемін. Жанатын дүниенің бәрін өртейміз, азық-түлік қалдықтарын итке, сиырға, шошқаға береміз. Біз шамамен 4-5 жыл бұрын тиісті мекемеге жүгіндік. Алайда шаруа сонымен тоқтап қалды. Қоқыс жәшігін қайда орналастыратынымызды, оны шығару жолын шеше алмадық. Себебі қыста жол тазаланбайтындықтан біздің ауылға жету мүмкін емес. Жақын маңдағы шаруа қожалықтарындағы төлдердің өлігі  көктемде еріген қар суымен ағып келеді, ауладағы қоқысты иттер сүйреп әкетеді. Егер арнайы орын болса, осындай жағдай болмас еді, — деп налыды Жанна Оралханова.
Дерекке сүйенсек, тұрғындардың 70%-ы келісімге қол қойған жағдайда ғана арнайы мекеме қоқысты шығаруды жүзеге асыратын көрінеді.
Қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындар бұл мәселені арнайы мекемемен келісіп шеше алатынын жеткізді. Сонымен қатар ол ауыл тұрғындарының мәселесі әкімдіктің бақылауында болатынын да атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу