Трамвайдан түскен ер адамды көлік қағып кетті – Өскемен
Фото: azattyq-ruhy.kz
Бүгін облыс орталығындағы Үлбі металлургиялық зауытының маңында жол-көлік оқиғасы болды.
Ер адам трамвайдан түсіп, жолдан өте бергенде екінші жолақта келе жатқан көлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Абырой болғанда, ер адам тірі қалды, қазір дәрігерлердің қарауында. Ал тәртіп сақшылары оқиға орнында тексеру жүргізуде. Аталған факт бойынша жауапкершілік сараптамадан кейін белгіленетін болады, дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Куәгерлер бұл аялдаманың жанында жерасты өткелі бар екенін, трамвай жолаушылары сол арқылы өту керек екенін айтады.