KZ
Өскемен
-8°
ясно жел 2 м/с, СШ
495.95 524.37 4.98

Өскемен қаласының әкімі мердігерлерге неліктен сенбейді?

Сурет автордікі

5.07.2023, 09:41 490 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қалада абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлерге аса сенбейтінін жеткізді.

Шаhар басшысының айтуынша, оларға төлем жасамас бұрын жұмыстарының сапасын тексеріп алған жөн, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Мердігерлердің жұмыс сапасы мен барысын үнемі бақылауда ұстау керек. Кей мердігерлер жұмысты тез бастап, тез аяқтайды немесе аяқсыз қалдырады. Сондықтан мен оларға онша сенбеймін. Әрине, олар жақсы адам шығар, бірақ қызмет бабында міндетті түрде тексеріп отыру керек, - деді ол. 

Сондай-ақ қала әкімі аулаларды абаттандыру сапасын тұрғындармен қатар, техникалық қадағалау мамандары қадағалаған жөн екенін де атап өтті.

- Мердігерлер әр атқарған жұмысы, ауладағы әрбір элемент үшін жауап беруі керек. Сондықтан жұмыстарды сапалы түрде соңына жеткізбейінше оларға да толық төлем жасауға болмайды, - дейді Жақсылық Омар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу