Өскеменде сиықсыз ғимараттар үшін айыппұл салынады
Өскеменде фасады ұсқынсыз ғимараттар үшін айыппұл салуды қала әкімі Жақсылық Омар ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шаһар басшысының айтуынша, ғимараттардың сиықсыз сырт пішіні мен бекітілген эскиздерге сай келмеуі елді мекендерді абаттандыру ережелеріне қарама-қайшы келеді екен. Ол үшін жауапкершілік Әкімшілік кодекстің 505-бабында көрсетілген. Ал жыл басынан бері бұл бапты 818 рет бұзған.
- Абаттандыру ережелерінде жеке және заңды тұлғалар, яғни ғимараттары мен құрылыстардың меншік иелері жаңғырту, жөндеу және фасадтарды сырлау бойынша жұмыстарды уақтылы қамтамасыз етуге тиіс екені көрсетілген, - дейді Жақсылық Омар.