Өрт сөндірушілер жалын шарпыған дүңгіршектен 2 газ баллонын алып шықты
Фото: gov.kz
Өскемен қаласындағы М.Горький көшесінің бойында орналасқан дүңгіршекте тамақ пен күнбағыс майы тұтанып, өрт шыққан.
Жалын өзге заттарды, тұрмыстық техниканы және нысанның ішкі қаптамасын шарпыған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері өрт сөндіру кезінде көлемі 27 л болатын 2 газ баллонын сыртқа алып шыққан.
ШҚО ТЖД дерегінше, өрт шығуына тамақ пісіру барысында өрт қауіпсіздігін орындамау себеп болған.
Дүңгіршек иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Оқи отырыңыз