KZ
Өскемен
+18°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, ОШ
478.93 534.96 5.16

Коммуналдық мекеме Өскемен көшелерін жапырақтан тазартып жатыр

Фото: egemen.kz

10.10.2023, 15:27 200

Өскеменде «Таза-Өскемен» коммуналдық мекемесінің қызметкерлері көшедегі жапырақтарды жинауға кірісті. Жапырақтар кәріз жүйелерін бітеп, жаңбыр суының ақпай қалуына себеп болуы ықтимал.

Қаладағы тазалық жұмыстары арнайы кесте бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Еске сала кетейік, коммуналдық мекемелер тек орталық жолдардың бойын ғана тазалайды. Ал аула ішілік аумақты тазалау тұрғындардың жауапкершілігінде.

– Дымқыл жапырақтартың үйіндісі апаттық жағдайға әкелуі мүмкін. Ол ағынды кәріз жүйесі мен су бұру жүйесін бітеп тастауы мүмкін. Біз әр тұрғынды осы іске белсенді қатысуға шақырамыз. Ол үшін аула аумағын таза ұстап, қоғамдық орындарды жапырақтан тазалауға қолғабыс етуге болады, – деп жазылған коммуналдық мекеменің хабарламасында.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив