Өскеменде балалар-жасөспірімдер клубының педагогы жұмыс орнында қайтыс болды
Шартты сурет: baigenews.kz
Өскемен қаласындағы балалар-жасөспірімдер клубының педагог-ұйымдастырушысы жұмыс орнында көз жұмды.
Сенімді ақпарат көздеріне сүйенсек, педагог өз кабинетінде қайтыс болған. Оны бүгін күндіз оқушылар тауып алған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«Алау» балалар-жасөспірімдер клубы №32 мектептің ғимаратында орналасқан. Марқұм бұл клубта 2013 жылдан бері жұмыс істейді.
Оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері келіп, жүрегі тоқтап қалған деген алдын ала диагноз қойды. Педагог-ұйымдастырушының жасы 60-та екен.