Өскеменде қасбеттік материалдар шығарылады
Бүгінде Өскемен қаласында қасбеттік материал өндіретін кәсіпорын 6 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Үкіметтен қолдау алып өз кәсібін бастаған жандардың бірі - Ерасыл Жанахметов. Ол Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде грант алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бүгін қала әкімі Жақсылық Омар аталмыш кәсіпорынның жұмыс барысымен танысып қайтты.
Жас кәсіпкер жақында «Даму» қорынын 5 миллион теңге көлемінде грант алған. Бұл қаржыға жаңа құрылғылар алуды жоспарлап отырған көрінеді.
Қала әкімі өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлердің жұмысы ілгерілеуі үшін барынша қолдау көрсететінін жеткізді.