KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскеменде «Тілектас» орнатылды

1.12.2023, 22:18 274 Қызырбек Дүргінбайұлы

Байырғы баба ғұрыптан табиғатпен тамырлас халықпыз.

 

Осы бір болмысымызға орай Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының аумағына «Тілектас» орнатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Ақбауырдан әкелінген тақ түріндегі «Тілектас» өткен ғасырларда тасқа таңбаланған тарихтың заңды жалғасы іспетті.

 

– «Тілектас» – Табиғи пішінді гранитті тас. Ақбауыр үңгірінің етегінен – күш-қуат мекені болып табылатын жерден әкелінді. Үңгір Каледония дәуірінде –  400 миллион жылдан астам уақыт бұрын пайда болған Қалба таулы аймағының жүйесіне кіреді. Ақбаур үңгіріне – бес мың жылдан астам уақыт болды. Бұл жерде ежелгі адамдар өз тілектерінің орындалуы үшін құдайлардан көмек сұрайтын болған. Бүгін сіздің де осы тасқа жайғасып, оның арқалығына қолыңызды қойып, тілек тілеуге тамаша мүмкіндігіңіз бар, – делінген тастың жанындағы тақтайшада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив