KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

Нысанды үздік безендіргендерге бағалы сыйлық тарту етіледі – Өскемен

Фото: odno-koleso.com

4.12.2023, 15:23 246 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласында дәстүрлі түрде өтетін жаңа жылдың безендіру байқауы жарияланды.

Байқауға белсене қатысып, үздік атанған тұрғындар қар тазалағыш ұтып ала алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, байқау 1-15 желтоқсан аралығында өтеді. Оған кез-келген меншік нысандағы заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, бюджеттік ұйымдар және барша қала тұрғындары қатыса алады.

- Жаңа жыл мерекесіне орай ғимаратты безендіріп, маңдайшаларды жаңартып, түнгі жарықты қосу және айналаны абаттандыру керек, - дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздар екі номинация бойынша анықталады:

  • үздік тақырыптық дизайн (ұйымдар, бизнес нысандары, аула аумақтары);
  • үздік түнгі жарықтандыру.

 Өтінімдер 10 желтоқсанға дейін Чехов көшесі, 33 мекенжайы бойынша «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де және uprarhitektura@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив