KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2,7 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

ШҚО-дағы мамандандырылған орталықта жылына 6 мың адам оңалтудан өтеді

1.02.2024, 18:30 173 Айна Ескенқызы

Өскемен қаласындағы облыстық мамандандырылған оңалту орталығы  - Қазақстанда алғаш рет  ашылған осындай бейіндегі мекеме.

 

Биыл орталықтың жұмыс істеп тұрғанына сегіз жыл толды. Орталықта жылына алты мыңнан астам шығысқазақстандық оңалтудан өтіп, олардың 90 пайызы қалыпты өмірге қайта оралады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

2015 жылы сол кездегі облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен бой көтерген. Германия, Оңтүстік Корея сияқты елдердің озық медицина жабдықтарымен жабдықталған емдеу орнында стационарлық және емханалық көмек көрсетіледі.

- Бізде Оңтүстік Корея мамандарымен бірлесе медициналық қызмет көрсетуге меморандум бекітілген. Кореялық профессорлар жылына бір рет келіп, біздің пациенттерді қарайды, кеңес береді, медицина қызметкерлеріне шеберлік сыныптарын оқиды, - деді ШҚО мамандандырылған оңалту орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Толқын Секеева. 


Оңалту ем-домы неврологиялық, кардиологиялық бағыттағы және ортопедиялық оталар жасатқан науқастарға үш кезеңмен жүргізіледі. Бұдан басқа ақылы қызметтер де қарастырылған.

- Бізге келетін науқастар үш кезеңмен, тәулік бойы және күндізгі стационарда да оңалту курсынан өтеді. Орталықта арнайы жабдықталған жаттығу залында пациенттер инструктордың бақылауында жаттығулар жасап, ауыр науқастар жоқ дегенде отырып үйренеді. Біздің мақсатымыз – оларды қалай болса да өздеріне қызмет көрсете алатындай деңгейге жеткізу. Пациенттер үш жыл көлемінде бізде оңалту ем-домын ала алады, - деп қосты Толқын Маратқызы.


82 жастағы Бәтен әже 30 қараша күні инфаркт алып, облыстық ауруханада күрделі ота жасатып шығыпты. Он күн бойы оңалтудың екінші кезеңінен өтіп жүр. Қария жағдайының жақсарып қалғанын айтып, барлық дәрігерлерге алғысын жеткізді.

 

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы  Әсем Қайратбек 2024 жылы облыста оңалту көмегіне МӘМС шеңберінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 3.3 млрд теңге бөлінгенін айтты.

 

Фото: Валерий Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив