KZ
Өскемен
-23°
пасмурно жел 1 м/с, С
522.42 543.89 5.28

Өскеменде сауда орталығының жанында жасөспірім пышақталды

Фото: www.psychologies.ru

13.02.2024, 18:23 180

Өскемендегі сауда орталығының жанында 16 жастағы жігіт пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты YK-news.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

- 6 ақпанда сауда-ойын сауық кешені жанында облыстың екі тұрғыны арасында жанжал болып, салдарынан қатысушылардың бірі дене жарақатын алды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

- Оң жақ кеуде тұсына пышақ жарақатын алған 16 жастағы жасөспірім Ана мен бала орталығына жатқызылды. Қазір ол хирургия бөлімшесінде емделуде, жағдайы тұрақты, - деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 

                                                                    

Айжанат Бақытқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу