Тәртіп сақшылары «борышкерлердің» соңына түсті – Өскемен
Фото: gov.kz
Облыс орталығында 5 тамыздан бастап "Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасы басталды.
Іс-шараның мақсаты – айыппұлдан жалтарған жүргізушілерді анықтап, әкімшілік айыппұлдарды өндіру болып табылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
- Осы іс-шара шеңберінде полиция қызметкерлері өзге де атқарушы іс жүргізу органдарымен бірлесіп, көлік жүргізушілеріне айыппұлдарды мәжбүрлеп орындау шараларын қолдана отырып, борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізетін болады, - дейді қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Осыған байланысты, тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажет екенін еске салады.
Оқи отырыңыз