KZ
Өскемен
+28°
небольшая облачность жел 9 м/с, Ю
515.03 584.82 6.24

Өскемендегі Комендантка көпірі алты жолақты болады

Фото: Даниил Суворов

15.04.2025, 14:30 155 Айдос Мырзахметов

Өскемен қаласының маңызды көлік инфрақұрылымдарының бірі – Комендантка өзені үстіндегі көпір алдағы уақытта жаңғыртудан өтеді. Қазіргі төрт жолақты көпір алты жолаққа дейін кеңейтіледі деп жоспарлануда, деп хабарлайды Altaіnews.kz тілшісі.

Бұл шешім көлік қозғалысының айтарлықтай артуына және дәл осы аумақта жиі туындайтын кептелістерге байланысты қабылданып отыр.

Жобаның шеңберінде тек жол төсемін кеңейту ғана емес, сонымен қатар көпірдің инженерлік құрылымдарын жаңарту, қауіпсіздікті күшейту және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы жағдай жасау көзделуде. Қайта жаңғыртудан кейін көлік қозғалысы біркелкіленіп, қала тұрғындарының жол жүру уақыты қысқарады деп күтілуде.

Құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Көпір толығымен жабылмайды – тек бір жолақ уақытша жабылып отырады. Қозғалыс реверсивті тәртіпте ұйымдастырылады. Қазіргі таңда жоба дайындық кезеңінде. Тиісті техникалық құжаттамалар әзірленіп жатыр,- делінген Өскемен қаласы әкімдігінің ресми Telegram каналында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу