Серпін-2050: гранттар санын көбейту ұсынылды
Фото: egemen.kz
2050 жылға қарай елдің оңтүстік өңірлерінің халқы 5,2 миллион адамға артуы ықтимал.
Сенаттың жалпы отырысында депутат Серік Өтешов ішкі көші-қон саласындағы мәселені көтерді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Депутат қазіргі жағдай осы қалпында сақталса, 2050 жылға қарай елдің оңтүстік аймақтарының халқы 5,2 миллион адамға өсуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ал солтүстік аймақтардың халқы 1 миллион адамға азаюы ықтимал. Бұл өз кезегінде демографиялық тұрғыда теңгерімсіз жағдайға алып келеді.
Сонымен қатар ол жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қазақстандықтарды көшіру бағдарламасы саладағы жағдайды жақсартуға бағытталғанын еске салды. Алайда мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына, уәде етілген мемлекеттік қолдаудың деңгейі мен сапасы жаңа жерге көшкен азаматтардың көңілін көншітпей отырған көрінеді. Өйткені берілген уәде толық көлемде және уақытында жүзеге асырылмайды. Соның салдарынан кейбір отбасылар бұрын келген аймақтарына қайта оралып жатыр.
Депутат еліміз үшін стратегиялық маңызды мәселені ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарастыруға шақырды.