Ұлттық банк доллар мен рубль бағамын белгіледі
Фото: egemen.kz
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 2 тамызға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,04 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,84 теңге, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
1 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,95 тиынға төмендеп, 444,94 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 444,5 – 448 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71 – 4,95 аралығында саудаланып жатыр.