KZ
Өскемен
+1°
снег жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Алдағы сайлауға 2,2 млрд теңге бөлінді

Фото: egemen.kz

14.09.2023, 21:30 285

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға 2,2 млрд теңге бөлінді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Бұл науқанға республикалық бюджеттен қаражат бөлінбейді. «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 33-бабына сәйкес, қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бүгінгі таңда өңірлердің мәслихаттарының шешімдерімен 2,2 млрд теңге бөлініп отыр, - деді Сәбила Мұстафина Орталық сайлау комиссиясының отырысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Дегенмен, оның атап өтуінше, бұл – бүгінге дейін белгілі болып отырған сома. Алдағы уақытта ол өзгеруі де мүмкін. Өйткені, кейбір өңірлердің аумақтық сайлау комиссиясы мәслихаттан қосымша қаражат сұрап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив