KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, З
530.24 543.97 5.16

Қазақстанда үш қала ауылға айналуы мүмкін

Шартты сурет: 365info.kz

14.09.2023, 22:00 357 Мадина Амангелдіқызы
Қазақстанның үш қала ауыл санатына өтуі мүмкін, өйткені тұрғындар саны аз екен. 

12 қыркүйек күні Ашық НҚА порталында 2021 жылы қабылданған "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына" өзгеріс енгізу жобасы әзірленді, деп хабарлайды Altaynews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жобаға сәйкес, әкімшілік-аумақтық заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтін қалалардың, яғни халық саны 10 мың адамнан кем қаланың әкімшілік мәртебесін өзгерту процесі жүргізіледі. Қазір мұндай үш қала бар:

  • Степняк (Ақмола облысы) – 3,8 мың адам;
  • Темір (Ақтөбе облысы) – 2,1 мың адам;
  • Жем (Ақтөбе облысы) – 1,5 мың.
Ал кейбір халқы көп ауылдар, керісінше, қала мәртебесіне ие болады. Елімізде осындай 17 елді мекен бар, олардың ең ірілері:
  • Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауылы – 54 мың адам;
  • Түркістан облысындағы Қарабұлақ ауылы – 50 мың адам;
  • Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы – 47 мың адам және басқа да ауылдар.

Құжат 26 қыркүйекке дейін талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу