KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Бүгін Супер Айды соңғы рет көруге болады

Фото: Аяужан Утеулинова

29.09.2023, 10:30 1 125

29 қыркүйекте Ай толады.

Бұл биылғы төртінші әрі соңғы құбылыс болмақ, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Супер Ай» құбылысы – Айдың толуы немесе Айдың жаңаруы перигей нүктесіне жеткен кезде, Ай мен Жер бір-біріне барынша жақын келгенде болады. Ең жақын қашықтық – 362000 км-ге жуық. Сондықтан бұл күні ай жарық әрі әлдеқайда үлкен көрінеді.

Толған ай күзгі күн мен түннің теңелу кезеңіне сәйкес келгендіктен, егін жинау айы деп аталады. Ежелден үлкен Ай табыс әкеледі және күзгі егін жинауға пайдалы әсер етеді деп есептелген.

Айта кететін нәрсе, 28 және 29 қыркүйек түндері үш планета ерекше жарқырайды – Юпитер, Сатурн және Меркурий. Астрономдардың айтуынша, Меркурий өзінің «әдеттегі» бағытына бұрылды.

Толған Айды қазан айының басына дейін тағы бірнеше күн бақылауға болады. Айтпақшы, дәрігерлер Айдың толуы денсаулыққа кері әсерін тигізетінін айтады. Адамда түнде ұйқының бұзылуы, қан қысымының жоғарылауы, алаңдаушылық, бас ауруы және басқа да жағымсыз белгілер болуы мүмкін. Сондықтан таза ауада серуендеп, әсіресе кешке жатар алдында шөп шай ішіп, табиғи тыныштандыратын дәрілер ішуге кеңес беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив