KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Ұлттық қордың функциясы қандай?

Фото: egemen.kz

4.10.2023, 18:36 289

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қайтарылатын активтерді Ұлттық қорға аудару бастамасына пікір білдірді.

Ұлттық қор негізінде жинақтау және тұрақтандырумен айналысады, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Ұлттық қордың екі функциясы бар: жинақтау және тұрақтандыру. Ұлттық қордан маңызды әлеуметтік экономикалық жобаларды іске асыру үшін де қаражат бөлінеді. Ал активтерді қайтару жөніндегі заң шеңберінде бұл қаражат комиссияның шешімі арқылы ашық әрі әділ түрде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Оны Жоғары аудиторлық палата да тексере алады. Мен бұдан ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын. Ақшаның елге оралуы және олардың экономика үшін жұмыс істеуі маңызды, - деді Ерұлан Жамаубаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив