KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Жемқорлықтан түскен ақшаға арналған шотта 100 млрд теңге жатыр – Ерұлан Жамаубаев

шартты сурет

19.01.2023, 18:28 572 Оразай Жеңісұлы

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлықтан түскен ақшаға арналған шотта қанша қаражат жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

«Президенттің тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлық істері аясында алынған қаражат арнайы шотта жиналады. Бұл шот білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағытталған. Қазір онда шамамен 100 млрд теңге жинақталған. Бұл қаражат еліміздің мектептерін салуға және жөндеуге бағытталады», - деді Ерұлан Жамаубаев ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу