KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Елде баспана алуға қатысты жаңа бағдарлама әзірлене ме?

Фото: egemen.kz

1.08.2023, 18:01 217

Бюджет арқылы Қазақстан халқының бәрін ипотекалық несиемен қамту мүмкін емес. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері министрге елімізде жаңа ипотекалық мемлекеттік бағдарлама әзірлену мүмкіндігіне қатысты сауал қойды, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Біз Отбасы банкінің жарғылық капиталын толықтыру үшін миллиардтаған қаржы бөлеміз. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдар арқылы жалға берілетін баспанаға да ақша бөліп келеміз. Тек Отбасы банкі арқылы ғана өте көп, ондаған өнім бар, қарап көріңіздер. Бюджет арқылы бүкіл Қазақстанды ипотекалық несиемен қамти алмаймыз, – деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.

Айта кетейік, ипотека нарығында Отбасы банкі көш бастап тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ол қазақстандық ипотеканың жалпы үлесінің 67%-ын берген. Бұл ретте банк NPL-дің ең төменгі деңгейін (90 күннен артық мерзімі өткен қарыздар) сақтап қалды, қазір ол – 0,08%, ал банктер арасындағы бұл көрсеткіштің орташа деңгейі 3,68%-ға тең.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу