KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Израильдегі Қазақстан азаматтарын елге әкелетін ұшақ ертең Алматыдан ұшады

Фото: egemen.kz

9.10.2023, 16:18 254

Азаматтық авиация комитетінің дерегіне сүйенсек, 10 қазанда «Эйр Астана» әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Ақтау қаласына техникалық қону арқылы Алматы - Тель-Авив - Алматы бағыты бойынша КС-6490/6500 рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Алматы қаласынан ұшу сағат 8:00-ге, Тель-Авив қаласынан ұшу жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50-ге жоспарланған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Эйр Астана» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Тель-Авив қаласының әуежайының тарапынан рейстің қону және ұшу уақытының бекітілуі күтіліп отыр.

– Тасымалдауға кез келген күнге авиабилеттері бар жолаушылар қабылданады. Бір жолаушыға 8 кг дейін бір қол жүгі және 20 кг дейін бір тексерілген жолжүк рұқсат етіледі. Авиабилеттері жоқ қазақстандықтар ҚР Елшілігі арқылы арнайы тариф бойынша сатып ала алады. Қазақстанның Израильдегі елшілігі де жолаушылар тізімін телефон арқылы жасайды: +972 (3) 741 78 05, +972 55 273 3813, +7 700 111 31 96. Жолаушылар Тель-Авив әуежайына ұшу уақыынан бес сағат бұрын баруы керек. Жолаушылардан әуежайға барған кезде жоғары қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, - деп жазылған әуе компаниясының хабарламасында.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив