KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Көші-қон заңнамасын бұзған 40 мыңға жуық шетел азаматы анықталды

Фото: egemen.kz

15.10.2023, 18:17 290

Жыл басынан көші-қон заңнамасын бұзған 40 мыңға жуық шетел азаматы анықталды.

Оның ішінде 3 730 шетел азаматына қатысты Қазақстан аумағынан тыс жерге шығару шешімі жарияланған, деп хабарлайды Altaynews Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.

  "2023 жылдың басынан бастап көші-қон заңнамасын бұзған 39 881 шетелдік анықталды. Соның ішінде 3 730 шетелдікке қатысты Қазақстан аумағынан тыс жерге шығарылуы бойынша сот шешімі жарияланды", - деп жазылған Ішкі істер министрлігінің Кazinform тілшісіне берген жауабында.

Сонымен қатар ведомство қос азаматтықпен жүргендерге қандай жаза қолданылатынын түсіндірді.

  "Атап айтқанда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның еліміздің паспортын және жеке куәлігін пайдалануы жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Мұнымен қоса, мемлекеттік қызметтегі адамдар, билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын немесе мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкімдік әрі әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдарға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, сондай-ақ Қазақстан аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады", - дейді министрлік.

Ведомство биыл қос азаматтықпен жүрген адамдарға қатысты көрсеткіштер былтырға қарағанда артпағанын мәлім етті. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив