KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 2 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жас ғалымдарға баспана алу үшін жеңілдетілген несие беріледі

Фото: egemen.kz

3.11.2023, 10:11 265

Жас ғалымдарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау мақсатында тұрғын үй алу үшін жеңілдетілген несие беріледі.

Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Бүгін Парламент депутаттары ғалымдарды әлеуметтік қолдау бойынша заң жобасын талқылап отырмыз. Атап айтқанда, жас ғалымдарға жеңілдетілген несие беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Екіншіден, профессор дәрежесі бар ғалымдарға қосымша үстемақы төлеу. Сол сияқты басқа да тұрғыдан әлеуметтік қолдау нормаларын енгізіп отырмыз. Одан бөлек, ғалымдардың үздіксіз жалақы алу мәселесін қарастырып отырмыз, - деді Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, жас ғалымдарға несие берудің ережесі, талабы министрліктің бұйрығы шыққаннан кейін нақты белгілі болады.

— Біздің принцип — жас ғалымдарға осындай мүмкіндік беру. Одан әрі жүзеге асыру ол министрліктің құзыретінде, - дейді депутат.
 


 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив